Қостанайда белгісіз біреулер қоқыс жәшігіне мемлекеттік туды тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда белгісіз біреулер қоқыс жәшігіне мемлекеттік туды тастаған © ng.kz

Қостанайда Қызмет көрсету орталығы ауласындағы қоқыс жәшігіне белгісіз біреулер мемлекеттік туды тастап кеткен, - деп жазады "Наша Газета" басылымы.


Қостанайда Қызмет көрсету орталығы ауласындағы қоқыс жәшігіне белгісіз біреулер мемлекеттік туды тастап кеткен, - деп жазады "Наша Газета" басылымы.

Басылым тілшілері бұл суреттерді Қостанайдағы Таран көшесінде орналасқан Қызмет көрсету орталығының ауласында бүгін шамамен сағат 16.00-де түсірген.

Ал Қостанайдағы Қызмет көрсету орталығының қоғаммен байланыс менеджері Эльмира Сейілханова қоқыс жәшігінен табылған мемлекеттік тудың олардың мекемесіне тиесілі емес екенін айтып отыр.

"Біздің ту орнында тұр. Құлаған да емес. - Ал қоқыс жәшігіне қоқыстарды біз және сол маңдағы үйлердің тұрғындары лақтырады. Түсініп тұрсаңыздар, туды кез келген адам лақтырып кетуі мүмкін", - деді Сейілханова. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қоқыс жәшігінде жатқан ту орнында жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети