07 қараша 2016 | 08:40

Зорлағандардың достары мені куәгерлердің көзінше қорқытып жатыр - Есікте зорланған әйел

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жібек Мусинова Жібек Мусинова

Есікте төрт адамнан зорландым деп мәлімдеген Жібек Мусинова зорлықшылардың достары қорқытып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол уайымын Facebook желісінде жазды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Есікте төрт адамнан зорландым деп мәлімдеген Жібек Мусинова зорлықшылардың достары қорқытып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол уайымын Facebook желісінде жазды.

Әйелдің айтуынша, жақын арада осы іс бойынша күдіктілерге қатысты үкім шығарылады. "Әр процесте достарым мен туыстарым қолдап жатыр, бірақ процесс басталғалы бері зорлықшылар қорқытып-үркіткісі келеді: "Егер оларды түрмеге қамаса, бүкіл Есікті саған қарсы қоямыз!" дейді. Өзім үшін емес, мен тозақтың өзін көрген адаммын. Туыстарым үшін қорқып отырмын! Менен өштерін қалай алатынын білмеймін. Бұл адамдар зорлықшыларды қолдайтын болса, олар бәріне баруға дайын. Мені бір сыныпта оқыған достарым, бауырларымның достары, құрбыларым қолдап жатыр. Қолдауы үшін мың да бір алғыс! Зорлықшыларды да қолдаушылар көп... осыны уайымдап отырмын. Куәгерлердің көзінше ашықтан-ашық қорқытып отырса, олардан бәрін күтуге болады", - деді ол.

Күдіктілерге қатысты сот 19 қазанда басталған. Сот тыңдауы жабық тәртіпте өтіп жатыр. Бірінші сот отырысы сотталушылардың айыптау актісімен лайықты түрде танысып шықпауына байланысты кейінге қалдырылған. Сөйтсек, екеуі орыс тілін, а екеуі қазақ тілін біледі екен. Сотталушылардың ішінде құқық қорғау органдарының қызметкері жоқ.


Жібек Мусинаның ісі бойынша сот процесі. © Tengrinews.kz

Еске салайық, Есік қаласының тұрғыны өз қызын төрт жігіттің зорлап кеткенін хабарлаған болатын. Әйелдің айтуынша, оның қызы 14 тамызға қараған түні зорлық көрген. Кейін 22-29 жас арасындағы төрт адам ұсталып, олар адам зорлау, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері және бұзақылық баптары бойынша айыпталды.


Жібектің анасы Гүлбадар Мусинова. © youtube.com

Ал осыған дейін Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-де тексеріс жүргізілген еді. Себебі жәбірленуші тарап құқық қорғау органдарының үстінен шағым түсіріп, қызметкерлер тиісінше тәртіптік жазаға тартылған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer