07 қараша 2016 | 11:18

Қазақ эстрадасындағы көшірме әндер отандық сазгердің жағасын ұстатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сазгер Арман Дүйсенов. © "Хабар", "Қызық Times" бағдарламасынан кадр Сазгер Арман Дүйсенов. © "Хабар", "Қызық Times" бағдарламасынан кадр

"Хабар" телеарнасындағы "Қызық Times" бағдарламасы белгілі композитор Арман Дүйсеновті отандық эстрададағы көшірме әндермен таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Хабар" телеарнасындағы "Қызық Times" бағдарламасы белгілі композитор Арман Дүйсеновті отандық эстрададағы көшірме әндермен таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қонаққа шақырылған Арман Дүйсеновпен бағдарлама жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек "Әуенді тап" ойынын өткізеді. Ойынның шарты бойынша, қонақ ойнатылған әуеннің орындаушысын немесе әннің атауын табуы тиіс болады. Алайда, қазақ эстрадасында орындалып жүрген белгілі әндердің авторы немесе орындаушысы шетелдіктер болып шығады да, композитор елімізде хитке айналған әндердің төл туынды болмағанына таңғалысын жасырмайды. Мәселен, бірінші әуен орындалғанда Арман Дүйсенов композициядан Төреғали Төреәлінің "Төрешің" әнін таниды таниды, бірақ жүргізушілер бұл әнді румынның Fly Project (Hello) деген топтың әншілері орындайтынын айтады.

Келесіде сазгерге Әлішер Кәрімов, Серік Ибрагимов пен "Лашын" тобы, "Алау" тобы, Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова, Дастан Оразбеков, Марсель, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртастың орындап жүрген әндері ұсынылып, әннің түпнұсқа нұсқалары ойнатылады.

"Бір қарағанда күлкілі нәрсе сияқты, дегенмен қасірет жағы да жоқ емес екен. Мен пікір айтар едім, баяғыда Феликс Эдмундович Дзержинский деген кісі біреуге айтқан екен: "Бостандықта жүргеніңіз сіздің жетістігіңіз емес, ол біздің жұмысымыздың әлсіздігі" депті. Осы тұста бұл қазақ композиторларының "көбірек ұйықтайтынынан" туған мәселе шығар деп ойлаймын. Бұл бағдарлама студиядағы барлық сазгер, орындаушы бауырларымызға құлаққағыс болатын шығар деп ойлаймын", - деп бөліседі әсерін сазгер Арман Дүйсенов. 

Ал желі қолданушылары бағдарламаның әзілге құрылғанына қарамастан, үлкен мәселе қозғалып отырғанын пікір ретінде жазған. "Марат, Еркебұлан, жарайсыңдар. Бұл күлетін нәрсе емес, бірақ сіздер осы ащы шындықты күлкімен жеткезіп, кей әнші, кей композиторлардың бетін аштыңыздар" дейді қолданушылардың бірі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer