09 қараша 2016 | 09:38

Алматыда жаңа туған үшемнің біреуінен айырылып қалған отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Алматы" телеарнасының кадры © "Алматы" телеарнасының кадры

Алматыда жаңа туған үшемнің біреуінен айырылып қалған отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр. Ысқақовтар отбасына сәбидің өлгенін растайтын анықтама беріліпті. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаңа туған үшемнің біреуінен айырылып қалған отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр. Ысқақовтар отбасына сәбидің өлгенін растайтын анықтама беріліпті. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Анықтамада оның неден шетінегені туралы жазылған. Еске сала кетсек, өткен аптада Қаскелеңдегі перзентханадан 4 қазан күні үшем босанған Айгүл Ысқақова ауруханадан шығарылған болатын. Дәл осы медициналық мекемеде 22 қазан күні үшемнің бірі небәрі 18 күн ғана өмір сүрген Раяна шетінеп кеткен еді. Бұл жағдайдан кейін перзентханадағы 6 қызметкер жұмысынан уақытша шеттетілді. Ал, анықтаманы кімнің бергенін ешкім білмейді.

"Бүгінше ештеңе айта алмаймыз. Комиссиялар келіп жатыр. Тексерістер болып жатыр. Оның барлығы сараптаманың нәтижесіне қарай жасалады", - деді "Қарасай аудандық орталық ауруханасы" МКК директоры Сәуле Сауранбаева.

Анықтамада Раянаның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды деп көрсетілген. Ал, Айгүл Ысқақова бұл қорытындымен келіспейді. Анасының алдын-ала пайымы бойынша, белгісіз жағдайда бокстан шығарылған нәрестенің организміне сыртқы температура кері әсер етуі ықтимал.

"Мына қағазда бір сараптама берген. Бұл сараптамада сердечная недостаточность деп берілген. Бұл шын мәнінде олай болмауы керек. Неге? Бұл өйткені менің жаныма жүрегі, өкпесі жетілгендер вакууммен қасыма әкеліп қойды. Бірінші фитта жатады. Жоғарыда реанимацияда жатады. Ал, екіншісі бұларды менің жаныма әкелген себебі шығуға дайын деп айтты. Мен бұл қастандық деп ойлаймын", - деді Айгүл Ысқақова.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer