09 қараша 2016 | 11:26

Өзімізге тиесілі емес ақшаны жұмсап жатырмыз - Перуашев Ұлттық қордағы шығындар жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Азат Перуашев © Тұрар Қазанғапов Азат Перуашев © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмен Азат Перуашев ҚР Ұлттық қорынан қаражаттың тым көп жұмсалатанын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісмен Азат Перуашев ҚР Ұлттық қорынан қаражаттың тым көп жұмсалатанын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Ұлттық Қордың үш жылға арналған болжамы бойынша, Ұлттық Қордағы қаражат 9,5 миллиар долларға дейін қысқарады. Сонымен қатар, мәжілісмен қордағы инвестициялық табыстың 712 миллиард теңгеден 686 миллиард теңгеге дейін, яғни 16 пайызға азаюы мүмкін екенін айтып өтті.

"Ұлттық Қорға қаражат тек теңгемен салынбайды, бұл дегеніміз қордағы ақшаның әлі де біраз азаятынын білдіреді. Мемлекет басшысы негізгі екі мәселені шешу үшін Ұлттық қорды құрды: дағдарыс кезінде экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен болашақ ұрпақ үшін ақша жинау. Бастапқыда бұл қордағы қаражат 2007-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жұмсалды. Бірақ уақыт өте келе Ұлттық қордағы қаражат бюджетті толтыру үшін қажетті кезде ала салатын қаражат көзі болды", - деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Азат Перуашев былай жалғаса берсе, Ұлттық Қордағы қаражаттың жетпей қалуы мүмкін екенін айтты.

"Экономикамызды дамытудың орнына біз өзімізге емес, болашақ ұрпағымызға тиесілі ақшаны жеп жатырмыз. Біз инвестициялық табысты көбейтудің орнына, қорда қалған ақщаларды жеп жатырмыз. Бірақ бұл жағдай әрі қарай жалғаса бермеуі керек. Осы қалыппен жүре берсек, күндердің бір күнінде қордың өзі бізге жетпей қалуы мүмкін", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer