Павлодарда көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған педофил 21 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған педофил 21 жылға сотталды Видео кадры

Павлодарда видеобақылау камерасына түсіп қалған педофилге қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда видеобақылау камерасына түсіп қалған педофилге қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

"Сот Павлодардың 53 жастағы тұрғынын айыпты деп таныды. Ол 14 жасқа толмаған жеткіншекке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған. Ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді. 

Еске салаыйқ, павлодарлық биыл маусым айында педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталған болатын. Ер адамның баланы үйдің кіреберісіне күштеп кіргізіп жатқаны видеобақылау камерасына түсіп қалған болатын. Кадрларда баланың айғайлап, зорлықшыдан қашпақ болғаны бейнеленген. 

Ал осыған дейін полицейлердің видеобақылау камерасындағы жазбаларды алып, скриншоттар арқылы күдіктінің бағыттамасын жасағаны хабарланған еді. Ер адам қалалық зираттың маңында ұсталған. Кейін оның жерлеу қызметі бюросында жұмыс істегені анықталды.

Павлодарлық баланы тұрғын үйдің кіреберісіне сүйреп кіргізгені, кейін шешініп тастап, балаға зорлық әрекеттерін жасағаны белгілі болды. Бұған дейін де ер адам түрлі қылмыс бойынша сотты болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети