09 қараша 2016 | 17:36

Мәжіліс 2017-2019 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы трансферт көлемі туралы заң жобасын мақұлдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Vox populi © Vox populi

Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңының қолдануы аяқталатындықтан, Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы" заң жобасы әзірленген.

"Үш жылдық кезеңге арналған субвенциялар мен алынымдарды есептеу өңірдегі бюджеттік қызметтерді алушылардың санына, сондай-ақ қандай да бір өңірдің ерекшелігі (демографиялық құрам, халықтың орналасу тығыздығы, климаттық жағдайлары, көлік қолжетімділігі және т.б.) ескеріле отырып, оларды ұсыну құнына ықпал ететін объективті факторларына сүйене отырып жүргізілді", - деді Қ.Бишімбаев.

Жалпы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін теңестіруге және мемлекет кепілдік қызметтер ұсынуда тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

"Кірістердің болжамды көлемін және жергілікті бюджеттердің шығыстарын ескере отырып, жалпы сипаттағы трансферттер мынадай көлемде анықталды: бюджеттік алынымдар: 2017 жылы - 239,9 миллиард теңге; 2018 жылы - 257,0 миллиард теңге; 2019 жылы - 292,2 миллиард теңге; бюджеттік субвенциялар: 2017 жылы - 1 482,9 миллиард теңге; 2018 жылы - 1 563,8 миллиард теңге; 2019 жылы - 1 568,3 миллиард теңге", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer