10 қараша 2016 | 13:22

Назарбаев әлемдік ядролық державаларды қарусыздандырады - Оңтүстік Корея Президенті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттер көшбасшылары екіжақты өзара іс-қимылдың, соның ішінде сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік-коммуникация, ғылым, техника салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттер көшбасшылары екіжақты өзара іс-қимылдың, соның ішінде сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік-коммуникация, ғылым, техника салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті жайттар, атап айтқанда, ядролық қарусыздану мен таратпау, киберқылмыс қатерінен төніп отырған жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хе келіссөз аясында Оңтүстік Корея президентінің Астанаға 2014 жылғы маусымдағы мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырды.


© Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту мен өзара тауар айналымын жандандыру перспективалары айқындалды. Екі елдің басшылары Қазақстан мен Кореяның стратегиялық серіктестігін жаңа сапалы деңгейге көтеру бағытындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Келіссөз барысында Корея тарапы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы бастамаларының жүзеге асырылуының қарқын ала түсетініне сенім білдірді.

Энергетикадағы ынтымақтастықты жандандыру жолдары, мұнай мен газ өңдеу, медициналық туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Корея Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда аймағын құру мүмкіншілігі қарастырылды.

Корея тарапы көлік-транзиттік өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше қызығушылық танытты.

Қазақстан Президенті Тынық мұхиты жағалауындағы Қытайдың Ляньюньган портының қазақстандық терминалы құрылысының аяқталғанын атап өтті.

"Бұл терминал арқылы қазірдің өзінде миллионға жуық контейнер тасымалданды. Сонымен бірге Қытаймен шекаралас Қорғас "құрғақ портын" Каспий теңізіндегі Ақтау теңіз портымен жалғайтын теміржол салынып, Түрікменстан және Иран арқылы Парсы шығанағына дейін теміржол төселді. Осы бағыттардың бәрін корей бизнесінің пайдалануына болады", - Мемлекет басшысы.

Пак Кын Хе Нұрсұлтан Назарбаевпен елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толу қарсаңында кездесіп отырғанына айрықша қуанышты екенін жеткізді.

"Мемлекеттер басшыларының арасындағы өзара сенімге негізделген  жеке достық қарым-қатынастың қалыптасқаны елдеріміздің стратегиялық әріптестігінің де нығая түсуіне септігін тигізеді. Қазақстан мен Кореяның қарым-қатынасы бір-бірін өзара толықтырушы ынтымақтастық негізінде жедел қарқынмен дамып келеді", - деді Корея Республикасының Президенті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

*Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларациясы;

*Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Корея Республикасы Сауда, индустрия және энергетика министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл жоспары;

*Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Корея Республикасы Көлік, жер және инфрақұрылым жөніндегі министрлігі арасындағы көлік саласындағы инвестициялық және инновациялық жобаларға қолдау көрсету туралы меморандум.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer