10 қараша 2016 | 17:24

Лилия Рах пен оның адвокаты сот үкіміне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Лилия Рах пен оның адвокаты сот үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировқа қатысты сот үкімі шықты. Судья Қуаныш Әріпов Лилия Рахты 7 жылға, Мири Пазды - 7,5 жылға, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировті 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, сот олардың мүлкілерін тәркілеу туралы үкім шығарды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Лилия Рах пен оның адвокаты сот үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировқа қатысты сот үкімі шықты. Судья Қуаныш Әріпов Лилия Рахты 7 жылға, Мири Пазды - 7,5 жылға, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировті 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, сот олардың мүлкілерін тәркілеу туралы үкім шығарды.

"Мен 125-бап бойынша кінәлі емес екенімді айтқым келеді. Мен Хамро Сувановты ұрлаған жоқпын. Мен онымен достық қарым-қатынаста болдым. Мұның бәрі өтірік. Бірде бір бөлім бойынша кінәлі емеспін! Адаммен қоғамдық орындарда кездесу ұрлық жасады дегенді білдіреді екен. Жеті жыл әділетсіз шешім!", - деп айғай салды Лилия Рах.

"Негізі мұндай шешім болады деп күткен болатынбыз, мен осыған дейін де соттың әділетсіз екенін айтқан болатынмын. Бүгін соған дәлел болды. Менің өтінішімді қанағаттандырмады. Мен судьяны ауыстыру керек екенін ескерткен едім. Себебі бастапқыда-ақ, оның айыптау үкімін шығаратыны көрініп тұрды. Бүгін сол үкім де шықты", - деді сәнгердің адвокаты Владимир Хан. Адвокаттың айтуынша, олар соттың бұл шешіміне шағым түсірмекші.

Айта кетейік, 15 күннің ішінде соттың шешіміне шағым түсіруге болады.

23 тамызда Лилия Рах адам ұрлады деген күдікпен қамауға алынған болатын. Кейінірек Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың қамауға алынғанын растаған еді. Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage сән бутигінің иесі. 2015 жылы сән саласында әлемнің ең абыройлы 500 адамының тізіміне енген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer