11 қараша 2016 | 09:17

Туды қоқысқа тастаған әйел халықтан кешірім сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© "Наша газета". © "Наша газета".

Қостанайда қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының маңында мемлекеттік туды қоқысқа тастаған әйел халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Наша газета".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының маңында мемлекеттік туды қоқысқа тастаған әйел халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Наша газета".

Басылымның мәліметінше, әйел "Сұлтан" спорт кешенінде вахтер болып жұмыс істейді. 29 жастағы Ольга Шумилова тудың қоқысқа кездейсоқ тасталғанын айтады. "Мұндай жағдайға өмірімде бірінші рет түсіп отырмын. Не істерімді де білмеймін. Сондықтан адамдарға айтарымды айтқым келеді, мұндай жағдай қайталанбауы үшін мұқият болса екен деймін. Халықтың алдында және ұжымның алдында кешірім сұрағым келеді. Өз әріптестерімнің атына кір келтіріп отырмын, сол үшін өкінемін", - деді әйел.

Сонымен қатар, ол басылым тілшісіне оқиғаның қалай болғанын баяндады. "Мен жаттығу залын жинастырып жүріп, бүктелген туды көріп қалдым. Оны жайып қарасам, сырдың ізін көрдім, кейін оны қайта бүктеп қойдым да, қалған қоқыстың жанына қоя салдым. Сосын маған күйеуім келіп қалып, бізге халыққа қызмет көрсету орталығына баруымыз керек болды. Асығып-үсігіп жүріп, онда не жатқанын аңғармай, қоқыс контейнеріне тастап кетіп қалдым", - деді ол.

Шумилова халыққа қызмет көрсету орталығында бір сағаттай болғанын айтып отыр. Кейін ол қалған қоқыспен бірге туды да лақтырып жібергенін есіне түсіріп, қоқысқа қайта барғанын, бірақ туды таппай қалғанын айтады. Әйел туды жуып, алып тастағысы келген. "Қоқыс жәшігінен таппаған соң, оған мән бермеппін. Біреу-міреуге керек болып қалған шығар деп ойладым", - дейді ол.


© ng.kz

Еске салайық, осыған дейін "НГ" тілшісі Қостанайда Халыққа қызмет көрсету орталығы ауласындағы қоқыс жәшігіне белгісіз біреулер мемлекеттік туды тастап кеткенін жазған болатын. Басылым тілшілері бұл суреттерді Қостанайдағы Таран көшесінде орналасқан Қызмет көрсету орталығының ауласында бүгін шамамен сағат 16.00-де түсірген.

"Полицейлер бұл туды кімнің қоқысқа тастағанын менен сұрады. Сосын мен өзім мойындадым. Ештеңе жасырмадым. Олар маған Қылмыстық кодексті оқып берді, бұлай жасауға болмайтынын айтты", - деді Шумилова. Оқиғадан кейін оған жұмысында сөгіс жарияланып, сыйақысынан айырыпты. Бірақ жұмыстан шығармапты.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс бойынша соталды тергеу әлі аяқталмаған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer