Астаналық тұрғын егіз ағасының жоғалып кеткенін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық тұрғын егіз ағасының жоғалып кеткенін хабарлады Арман Қойшынов

Астанада 28 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғалып кеткен жігіттің егізі Аслан Қойшыновтың айтуынша, іздестіру жұмыстары осымен бірнеше күн жүргізіліп жатыр.

"2016 жылдың 10 қарашасында сағат 22.00-де 1988 жылы дүниеге келген егіз ағам Қойшынов Арман Абайұлы үйден шығып кетіп, қайта оралмады. Үстінде қара күртке, қара тоқылған бас киім, көк түсті джинс пен сұр түсті кроссовки болды. Бойы - 165 сантиметр, салмағы - 80 келі. Полицейлерге хабарластық. Туыстарымыз бен жақындарымыздан да сұрастырдық, ешкім оны көрмеген де, телефоны сөндірулі", - деп жазды Аслан Қойшынов. Оның айтуынша, олар соңғы кездері ағасымен бизнеспен айналысқан.

Арман Қойшынов жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірге хабарласуларыңызды сұрайды: 8707 269 61 13.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети