13 қараша 2016 | 09:14

ШҚО-да 8 жастағы қыздың өлімі бойынша жантүршігерлік деректер анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© yk-news.kz © yk-news.kz

ШҚО-да Зырян ауданында 8 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті осы қалада екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы Ксения Сидоринаның өліміне қатысы бар болуы мүмкін. Бұл туралы YK-news.kz басылымына Сидоринаның сіңлісі айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да Зырян ауданында 8 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті осы қалада екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы Ксения Сидоринаның өліміне қатысы бар болуы мүмкін. Бұл туралы YK-news.kz басылымына Сидоринаның сіңлісі айтып берді.

"Сегіз жастағы Виканы өлтірген адамды кеше еріктілер видеотіркеу құрылғысына жазылып қалған видео арқылы анықтады. Видеода ер адам жолдың шетінде қыздың сөмкесін алып бара жатады. Ол ұсталғаннан кейін Ксюшаны да өлтіргенін мойындады. Әзірше денесі табылған жоқ, себебі полицейлер мектеп оқушысының өлімі бойынша барлық нұсқаны тексеріп жатыр. Кешке жақын күдіктінің менің сіңлімнің өліміне қатысының бар-жоғы анықталады", - деді Анастасия.


Ксения Сидорина 17 қыркүйекте таңғы уақытта үйінен шығып кетіп, сүйіктісіне бара жатқан жолда жоғалған. © yk-news.kz

Полицейлер осы екі оқиғаның байланысы бар дегенді жоққа шығармады. "Қазіргі уақытта Виктория Тойкеневаның өлімі бойынша күдіктінің жоғалып кеткен Ксения Сидоринаның ісіне қатысы болуы мүмкін деген мәлімет тексеріліп жатыр", - деді Зырян аудандық ІІБ штаб басшысы Асель Сүлейменова.


Ксения Сидорина және Виктория Тойкенева. © yk-news.kz

Ал YK-news.kz тілшісі Виктория Тойкеневаның мәйіті табылған үйде болып қайтты. Бұл үй Партизанская, 97 деген мекен-жайда орналасқан. Қазіргі уақытта мұнда тергеушілер мен сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердәң айтуынша, ұсталған күдікті келесі көшеде тұрады екен.


Бұл үйдің жертөлесінде жоғалып кеткен қыздың өлігі табылған. © Екатерина Тамбовцева 


Күдікті тұрып жатқан үй. © Екатерина Тамбовцева

Ал КаzINFO Today басылымы ШҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасай отырып, адам өлтірді деген күдіктінің суретін жария етті. Кей мәліметтер бойынша, 25 жастағы ер адам бұған дейін сотты болған. Ер адам қыздың өгей әкесіне жалданып жұмыс істеген.

Еске салайық, 10 қарашада Зырянда сегіз жастағы Виктория Тойкенева жоғалып кеткен болатын. Қыз мектептен үйіне оралмаған. Кейін 11 қарашада кешкі уақытта жергілікті полиция қыздың өртенген денесі қараусыз қалған үйден табылғанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer