14 қараша 2016 | 08:48

Қостанай мен Өскеменде ең сұлу қыздар таңдалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ng.kz © ng.kz

17 жастағы Кристина Шлиммер "Қостанай аруы-2016 атанды". "Наша газета" басылымының мәліметінше, құрылыс колледжінің екінші курс студенті суретші болуды армандайды екен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

17 жастағы Кристина Шлиммер "Қостанай аруы-2016 атанды". "Наша газета" басылымының мәліметінше, құрылыс колледжінің екінші курс студенті суретші болуды армандайды екен.

Конкурс 13 қарашада кешке аяқталды. Ақтық сынға 200-ге жуық адам көрермен болды. Басылымның мәліметінше, бұл жылы қатысушылар саны әдеттегіден артық болыпты. 20 қыз Қостанайдың ең әдемі қызы атану үшін бақ сынады. Үшінші орын 19 жастағы Айжан Мнашеваға бұйырса, вице-ару титулы Асель Айназаровада.


© ng.kz

"Қостанай аруы" енді облыстың атынан "Қазақстан аруы" республикалық конкурсына қатысады.

Ал осы күні Өскеменнің де ең сұлу қызы таңдалды. YK-news.kz басылымының мәліметінше, 19 жастағы Анастасия Усольцева "Өскемен аруы-2016" атаныпты. Сұлулық байқауы 13 қарашада кешкі уақытта Металлургтердің мәдениет үйінде өтті.

Усольцева енді биыл желтоқсан айында өтетін "Қазақстан аруы-2016" республикалық байқауында облыс орталығының атынан өнер көрсетеді.

Қаланың ең әдемі қызы атағына 12 қатысушы таласты. Шара қатысушылардың өздері дайындаған көйлегімен дефилеге шығуымен басталды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі - киімнің матадан тігілмеуі. Қатысушылар картон, полиэтилен, қағаздан жасалған киімдермен шықты. 


© yk-news.kz

Басылымның мәліметінше, конкурстың соңғы кезеңінде қатысушылар қазақтың ұлттық киімімен шыққан. Шара кешкі көйлекпен дефилеге шығумен аяқталыпты.

Бірінші "вице-ару" атағы Мамытханова Ай-Данаға бұйырса, екінші "вице-ару" Рамазанова Жаннұр болды. 


Мамытханова Ай-Дана


Рамазанова Жаннұр

Басылымның мәліметінше, әр қатысушы бағалы сыйлықтар алған, сондай-ақ сән салондарына сертификаттарға ие болған.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer