14 қараша 2016 | 17:32

Ресейде шенеуніктердің балаларына шетелде білім алуға тыйым салу ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
РФ Мемлекеттік думасының депутаты Валерий Рашкин © The Moscow Post РФ Мемлекеттік думасының депутаты Валерий Рашкин © The Moscow Post

РФ Мемлекеттің думасының депутаты Валерий Рашкин парламенттің төменгі палатасына шенеуніктер мен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына шетелге білім алуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруды ұсынды, Құжат 14 қарашада думаның заң жобаларының базасына тіркелді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

РФ Мемлекеттің думасының депутаты Валерий Рашкин парламенттің төменгі палатасына шенеуніктер мен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына шетелге білім алуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруды ұсынды, Құжат 14 қарашада думаның заң жобаларының базасына тіркелді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Парламентарий елдің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету" туралы заңына сәйкес өзгертулерді  2017 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізуді ұсынып отыр. Тыйым мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде қалалық деңгейдегі шенеуніктерге де және мемлекеттік кәсіпорын мен корпрация қызметкерлеріне қатысты. Бұл тізімге бір жылдан астам уақыт шетелде қызмет ететін қызметкерлер ғана кірмейді.

Заң жобасына қосымша тіркелген түсіндірме хатында балаларды шетелде оқыту "елде нағыз ұлттық басқарушы элитаның қалыптасуына бөгет етеді, кадрларды жоғалтуға, Ресейде әлеуметтік теңсіздікті қалыптастыруға және басқарушы таптың халықтан ажырауына алып келеді" делінген.

Рашкиннің айтуынша, бұл тыйымның енгізілуі шенеуніктерді елдегі білім сапасын жақсартуға итермелейді. 

Тамыз айында осыған ұқсас заң жобасын "Аванти" іскерлік патриотизмді дамыту бойынша кәсіпкерлер ассаоциациясының президенті Рахман Янсуков ұсынған болатын. Ол мұны кез келген ресейлік жасөспірімнің шетелдік арнайы қызметтің нысанасына айналуы мүмкіндігімен негіздеген. 2013 жылы осы сияқты заң жобасын депутат Олег Смолин де ұсынған болатын. Алайда ол заң жобасы қабылданбады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.81  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer