14 қараша 2016 | 19:45

Полиция көпірден секірмекші болған адамды құтқарған алматылық қызға алғыс білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Полиция суицидтен жігітті құтқарған Алматы тұрғыны Дамира Бекмқхамедоваға алғыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Полиция суицидтен жігітті құтқарған Алматы тұрғыны Дамира Бекмқхамедоваға алғыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 қарашада 03.50 таңертеңгі уақытта болған, мұны Facebook желісінде қыз бала өзінің парақшасында видеосын жариялаған. Видео кадрларында ер адам көпір шетіндегі қоршауда отырғаны түсіп қалған. Видео авторы ер адамды секірмеуге шақырған. 

Мен қолымды сермеп көмекке басқа адамдарды шақырдым және өтіп жатқан көліктерді тоқтатпақ болдым, сонымен қатар онымен сөйлесіп тұрдым. Мен мұндай жағдайда не істеу керектігін білмеймін... Онымен сөйлесіп көруді жөн көрдім, мүмкін өз шешімін өзгертер... Уақыт тоқтап қалғандай болды... Ол түбегейлі шешім қабылдап алға қарай ұмтылды. Мен оның шадбарынан ұстап қалып, бар кұшіммен артқа қарай тарттым. Басқа жігіттер жүгіріп келіп, оның қолдарынан ұстап қалды. Ол олармен төбелесіп алға қарай ұмтылды. Тағы бір жігіттер келіп, күштеп оны көлікке отырғызып алып кетті. Менің тамағым дірілдеп кетті. Өте қорқынышты болды. Өмір деген өте нәзік дүние, сондықтан да оны бағалай білу керек", - деп жазды қыз әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Жүгіріп келген жігіттерге қыз бала полицияны шақыруын өтінген. Жігіттің сөзіне қарағанда, ол бұл қадамға өзінде ештеңе жоқтығымен байланыстырған: жұмысы мен үйі жоқ және қызы тастап кеткен екен. "Жігітті айғақ болу үшін түсіріп алдым. Егер ол секіретін болса, ешкім көмектеспеді деп айтпасы үшін", - деді куәгер.

"Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек полицияның Дамира Бекмұхамедоваға алғыс айтатынын мәлімдеді. "Қазіргі уақытта азаматтық танытқан қыз балаға ынталандыру шарасын ұйымдастырып жатырмыз. Қазіргі кезде адамдар мұндай жағдайларда тек көрермен болып видеоға түсірумен айналысады, ал ол қыз тек көрермен болып қалмай ер адамды өлімнен арашалап қалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.81  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer