16 қараша 2016 | 16:49

Қазақстанда 300-ден аса мемлекеттік қызметкер әдеп бұзғаны үшін жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 300-ден аса мемлекеттік қызметкер әдеп бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 300-ден аса мемлекеттік қызметкер әдеп бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың тоғыз айында 3 535 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға атартылды. Олардың 10 пайызы тәртіптік комиссия ұсынысымен қызметтік этиканы бұзғаны үшін жазаланды. Сегіз адам қызметтік орны бойынша төмендетілді, 17 адам мемлекеттік қызметтен босатылды, - делінген хабарламада. 

Мүдделер қайшылығы немесе этикалық тұрғыдағы басқа да проблемаларға қатысты мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға этика бойынша уәкілден кеңес алуға болатыны айтылды. Этика бойынша уәкілдер барлық орталық және жергілікті басқару органдарында бар. Республика бойынша жалпы 34 этика бойынша уәкіл жұмыс істейді. 10 айда этика бойынша уәкілге 365 мемлекеттік қызметкер мен азамат жүгінген және кеңес алған. 

Биылғы 10 айда елдің барлық аймағында жұмыс істеп келе жатқан Әдеп жөніндегі кеңестің 126 отырысы өтті. Әдеп жөніндегі кеңес қарауға 207 ұсыныс беріп, оның 95 пайызы орындалды. Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен 344 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 54 пайызы қызметтік әдеп нормаларын бұзғандар. 

"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы туралы азаматтардың арыздарын ерекше қарауға алатынын ескертеді. Агенттіктегілер Қазақстанның барлық аумағы бойынша 1424 тегін кеңес беру орталығы істейді", - деп толықтырды баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer