17 қараша 2016 | 16:39

BI Group басшысы EXPO аумағындағы құрастырманың опырылу себебін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Facebook / Айдын Рахымбаев © Facebook / Айдын Рахымбаев

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев EXPO аумағындағы құрастырманың опырылу себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев EXPO аумағындағы құрастырманың опырылу себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, құрастырма жайлы айтар болсақ - бұл шын мәнінде сәулет-декоратив элемент. Формасы - металл ферма. Оны құрастыру және монтаждау жұмыстарымен еліміздегі ең кәсіби "Имстальком" компаниясы айналысты. Біз кәсіби құрылысшылар ретінде қазірдің өзінде олардың біліктілігіне күмән келтірмейміз. Кеше де бар жауапкершілікті оларға артып қоя салмадық, бүгін де солай", - деп жазды Facebook желісінде Build Investment Group холдингінің президенті Айдын Рахымбаев.

Оның айтуынша, суреттерді анықтап қараса құрастырманың балқытып біріктірілген жері немесе монтаж тіреуіштері сынбаған, оны қасақана кесіп тастағандай әсер қалдырады. "Ал негізгі құрастырманың бекемділігін осындай биіктіктен құлаған сәтінде тіпті аспаларындағы әйнектерінің сынбай қалуынан байқай беруге болады. (...) Инженерлермен кеңескеннен кейінгі алдын ала тұжырымымыз - 90 метр ферма аяз түскен кезде металлдың қысымына шыдас бермеді, себебі металлдың химиялық құрамы құжатта көрсетілген бекемдігіне сай болмады, ал негізінде металл аяз бен ыстық түскендегі жағдайда сығылу мен созылуға төтеп бере алатындай есеппен жасалады. Мұның тек алдын ала пікір ретінде айтылып отырғанын атап өтейін. Қорытынды шешімді сарапшылардан құралған комиссия жасайды. Бұл жақын уақытта болады деп үміттенемін. Бірінші кезекте Қытайдан жеткізілген металлдың химиялық құрамына сараптама жасалады. Бұл металлдардан көрме территориясындағы өзге де нысандар бой көтерген болатын. Зертхана сараптамаларын күтеміз", - деді Рахымбаев.


© Facebook / Айдын Рахымбаев

Ал шығынды өтеу мәселесінде, ол комиссия қандай шешім шығарса да, компанияның бұл нысанды жөндеп беретінін айтты. "Мұның кімнің тарапынан болған қателік екені маңызды емес. Осыдан сабақ алып, болашақта осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу маңызды!", - деп қорытындылады сөзін BI Group басшысы.

Осыған дейін BI Group өкілдері құрастырманың бір ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, кеше  EXPO территориясында ұзындығы 96 метр және салмағы 240 тонна болатын декоратив көпір құрастырмасы опырылған еді. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері бұл құрастырманың декоратив екенін және пайдалануға берілмейтінін айтып сендірді. Ал қалған павильондар бүлінбепті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer