17 қараша 2016 | 18:34

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

"Қылмыстық топтың әр мүшесі белгілі бір жұмыспен айналысқан. Осылайша, Айтымбетов құрылыс компанияларының өкілдерінен ақша алып, кейінірек ол қаражатты Жақыпов пен Сариевке берген. Өз кезегінде қалған екеуі келісімшарттар мен орындалған жұмыстар актісіне қол қойып отырған", - деді ұлттық бюро өкілдері.

Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, қылмыстық топта 13 кәсіпорын болған. Ол  құрылыс нысандары Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған қалаларында орналасқан.

17 қарашада 28 миллион теңге пара алып жатқан жерінен Жақыпов, Сариев және Айтымбетов есімді лауазымды тұлғалар ұсталды.

Сонымен қатар, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ бірнеше рет пара бергені үшін Project City Group ЖШС басшылары мен оның құрылтайшылары - Есмұханов Б., Смағұлов Қ., Жұманазар Е. және Комаров А. есімді қызметкерлер ұсталды.

"Сондай-ақ, осы қылмыс бойынша пара алған компанияның бұрынғы басқарушы директоры Анарбай да ұсталды. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды", - деді ұлттық бюро өкілдері.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer