18 қараша 2016 | 21:24

Мердігерлер EXPO-2017 аумағында қар үстіне асфальт төсеу оқиғасын түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мердігерлер EXPO-2017 аумағында қар үстіне асфальт төсеуге қатысты пікірлерін бітірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мердігерлер EXPO-2017 аумағында қар үстіне асфальт төсеуге қатысты пікірлерін бітірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

18 қарашада Instagram-дағы v_astane парақшасында EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында 30 градусты аязда мыс жұмысшылардың қар үстіне асфальт төсеп жатқан видео орналастырылды. 

Кейінірек асфальт төсеген компания роликке қатысты өз пікірін білдірген. "САЭС Средазэнергострой" мердігерлік ұйым директоры Сергей Хван болған жағдайдың барлығы Астанадағы көрме аумағында болғанын растады. Оның айтуынша, ролик қарашаның басында түсірілген. 

"Алтыншы қарашада түнгі екіге дейін асфальт төсеуіш құрылғы істеп тұрды. Сол күні негізгі жұмыстың 99 пайызы бітті. Ал жетісіне қараған түні қар жауды. Бір ғана бұрыш қалған болатын - он шаршы метрдей. Жұмысшылар жетінші қараша күні таңғысын шынымен қардан тазаланбаған жерге асфальт төге бастады. Бірақ техникалық қадағалау инженерінің ұйғарымымен аумақ басшысы жұмысты бірден тоқтатты", - дейді мердігерлік компания директоры Сергей Хван. 

Ол жер қардан тазартылғаннан кейін асфальт төсеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті.

"Видео бүгін жарияланғандықтан көбісінде барлық жұмыс кеше және бүгін жүргізілді деген ой қалыптасты. Олай емес. Бұл 6 қарашада болды. Маған да мұнда айтып жатыр: "Сен не 30 градус аязда асфальт төсейін дедің бе?". Мұндай аязда оған кім барсын?!" - дейді Сергей Хван.

Мердігер қолында асфальт төселгеннен кейінгі осы жылдың 6 қарашасы деп мерзімі көрсетілген видеоның барын айта кетті.

Компания бейнежазбаны ұсынды. 

Айта кетейік, бүгін EXPO-2017 аумағында опырылған құрылыс бөлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer