Мамандар еліміздегі тұмау бойынша жағдайға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар еліміздегі тұмау бойынша жағдайға қатысты түсінік берді © Tengrinews.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері елдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме жасап.

"9 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 1,9 миллионнан астам адам егілді (жалпы халықтың 11,0 пайызы), оның ішінде 1,4 миллион астамы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және 470 000-нан астам адам жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен егілді", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, комитеттің зертханалық қызметі тұмау және басқа да тұмау емес инфекциялар вирустарының айналымына мониторингті жүзеге асырады. "Қазір A(H3N2) және В тұмау вирустарының айналымы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты сияқты тұмау емес инфекциялардың айналымы байқалады", - деп түсіндірді комитеттегілер.

Сондай-ақ, мамандар салқын тиюдің алдын алу үшін физикалық жаттығулармен айналысуға кеңес береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511  course up  601  course up  6.52  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети