Алматыда болған ірі жол апатынан үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда болған ірі жол апатынан үш адам зардап шекті "Территория происшествий"

Алматыда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Асқаров көшесіндегі "Мирас" ықшамауданының маңында болған. Куәгерлер мен полицейлердің айтуынша, жол апатына ұшыраған екі көлік те шығыс бағытта келе жатқан. Содан Volkswagen жүргізушісі ықшамаудан жаққа бұрылмақшы болған, алайда сол сәтте оны қарсы жолақта келе жатқан Mercedes жүргізушісі басып озған.

Салдарынан Mercedes көлігі арық жаққа қарай ұшып кеткен, ал Volkswagen көгал жаққа ұшып кеткен. Жол апатының салдарынан үш адам зардап шекті. Mercedes көлігінің жүргізушісі мен ондағы жолаушылар ауруханаға барудан бас тартты. Бірақ Volkswagen көлігіндегі қыз ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын полицейлер тексеріп жатыр.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети