Екі жастағы егіздің бірі сыңарын өлімнен құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі жастағы егіздің бірі сыңарын өлімнен құтқарып қалды © nv.ua

АҚШ-тың Юта штатында екі жастағы егіздің бірі сыңарын қалай құтқарып қалғаны үйде орнатылған камераға түсірілген, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Юта штатында екі жастағы егіздің бірі сыңарын қалай құтқарып қалғаны үйде орнатылған камераға түсірілген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның хабарлауынша, видеоны егіз баланың ата-анасы YouTube хостингінде жариялаған. Егіз бала бірнеше минут қана айырмашылықпен дүниеге келгенімен, екеуі екі жылда туған екен. 

Балалар бұрышта тұрған киім салатын комодтың қасында ойнап жүріп, оны абайсызда құлатып алады. Балалардың бірі құлаған жиһаздың астына түсіп қалады, ал олардың ата-анасы жақын жерде болмаған. Осы кезде егіздің сыңары комодты итеріп жылжытып, астында қалған баланы босатып алған. 

Балалардың ата-анасы бұл видеоны желіге орналастырып, жиһазы оңай құлап кетуі мүмкін бөлмеде кішкентай балаларды қалдырмау керектігін ескерткісі келген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети