Қатерлі ісікті жеңген Джейкобс Головкиннен де басым түседі - HBO сарапшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатерлі ісікті жеңген Джейкобс Головкиннен де басым түседі - HBO сарапшысы

HBO телеарнасының сарапшысы Харольд Ледерман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 20 КО) арасындағы кездесуге өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Екі чемпион бетпе-бет келді. Жұдырықтаса білетін екі жігіт. Джейкобс қатерлі ісікті жеңді, енді ол Головкиннен басым болуға тырысады", - деді Ледерман HBO телеарнасында.

2011 жылы БАҚ-та Джейкобсқа қатерлі ісік диагнозының қойылғаны хабарланған еді. Дэниэл ауыр дертпен 7 ай бойы күресіп, ақыры аман қалды. Дәрігерлер болса оған жұдырықтасуға болмайтынын айтып, дабыл қаққан, алайда Джейкобс 2011 жылдың желтоқсанында жаттығуға қайта кірісіп кетті.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +24
Ақтау +30
Ақтөбе +26
Атырау +27
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +26
П
Павлодар +27
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +22
О
Орал +27
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер