Головкиннің қарсыластарды "таптап" жүргенінен қорықпаймын - Сондерс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің қарсыластарды "таптап" жүргенінен қорықпаймын - Сондерс © Sky Sports

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуге келіскені хабарланды. Сондерс Boxing News басылымына берген сұхбатында Головкиннің қарсыластарды "таптап" жүргенінен қорықпайтынын мәлімдеді - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен осы күнге дейін жүрексінбей Головкинмен жұдырықтаса алатын адамды көрмедім. Головкин қарсыласын соққыға жықса, олар бірден жеңіліп, беріле салады. Бірақ ол мені мұнымен қорқыта алмайды, рас айтамын. Мен оны қашықтықта ұстап тұруға тырысамын. Дегенмен ол мені қорқыта алмайды. Меніңше, Головкин - ғаламшар бойынша үздік боксшы, бірақ мықты боксшы атану үшін мықтылармен жұдырықтасу керек. Ол маған керек адам", - деп келтіреді Сондерстің сөзін Boxing News басылымы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен келесі аптада Сондерстің титулға таласатын жекпе-жегі жайлы хабарлайтынын айтып өткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети