Алматының экс-прокуроры СҚО-ға ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының экс-прокуроры СҚО-ға ауысты Берік Асылов

Берік Асылов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік құқық қорғау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Асылов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік құқық қорғау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Берік Асылов осыған дейін Алматы қаласының прокуроры болған еді. Ал бүгін Алматы қаласының прокуроры қызметіне Ғабит Миразов келді.

Берік Асылов 1964 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Үйленген, төрт баласы бар. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған.

Берік Асылов қызметтік жолын Алматыдағы Алатау аудандық прокуратурада тағылымдамадан өтуден бастаған. Бас прокуратурада аға тергеуші болып қызмет еткен. Сондай-ақ, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Ақтөбе облысының прокуроры және ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметтерінде болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети