Алматыда сүйіктісін қызғанған жігіт атыс шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сүйіктісін қызғанған жігіт атыс шығарды Видео кадры

Алматыда адалдық көрсете алмаған сүйіктісін қызғанған жігіт қарсыласын травмат қаруымен атып тастады. Оқиға 2016 жылдың желтоқсан айында "Жетісу" ықшамауданында болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Patrul.kz.

Сөйтсек, сол күні қыз жігітімен бірге қаладағы кафелердің бірінде демалған. Осы кезде екеуі жанжалдасып, ер адам кафеден кетіп қалыпты. Бірнеше сағаттан кейін ол қайтып келіп, сүйіктісінің жоқ екенін байқайды. Кейін ол қыздың көрші дастарханда отырған жігітпен танысып, сонымен бірге кетіп қалғанын анықтайды. Қыздың бұл әрекетіне шыдай алмаған жігіт олардың құшақтасып тұрған сәтінде атыс шығарған. Мұнымен де тоқтамай, қызғанған ер адам қарсыласын ұрып-соққан.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шабуыл жасаған жігіт 10 күннен кейін ұсталған. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберіліпті. "Қару қолдану, бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети