"Желім иіскеп", масайған оқушылар туралы видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Желім иіскеп", масайған оқушылар туралы видео пайда болды Видеоның кадры

Ер адам көшеде қозғалыссыз тұрған оқушыларды видеоға түсіріп алды. Олардың бірі бастапқыда үрленген полиэтилен иіскеп тұрады. Ер адамның ескертуінен кейін екі оқушы да қаша жөнеледі. "Есірткінің зардабы! Есірткі - жас өмірді улаушы!" деп аталатын видео Instagram желісіндегі ztb_video аккаунтында пайда болды.

Куәгердің айтуынша, оқушылар әлденеден масайған. Қойылған сұрақтарға олар жауап берместен қаша жөнеледі. Осы кезде "Ұста, ұста!" деген дауыс шығады да, оқушылар бірін-бірі ұстап алуға тырысады. Видеоға түсіріп тұрған адам бұл көрініске таңғалғанын айтады. Кейін оқушылардың бірі оғаш қимылмен шешіне бастайды. Видеоға қатысты пікір білдіргендер оқиғаның Таразда болғанын айтып отыр. Ал балалар желім иіскеген делінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети