Алматы орталығында тағы бір дөнер асханасы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында тағы бір дөнер асханасы өртенді © "Алау" порталы

Алматының Бостандық ауданында дөнер сататын дүңгіршек өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап. Өрт осы түні Марков көшесінің бойында болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Бостандық ауданында дөнер сататын дүңгіршек өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап. Өрт осы түні Марков көшесінің бойында болған. 

"12.03.2017 жылы 03.15-те Алматы қалалық ТЖД 101 пультіне куәгерлер Бостандық ауданы Марков көшесінде дөнер асханасы өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт сөндірушілер 03.23-те жеткен. Өрт сөндірушілер келгенде жағдай мынадай болған: "Салауат" дүкенінің жанында орналасқан дөнер кафесі өртеніп, өрт дүкеннің шатырына көшкен", - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сөндірушілер дүкеннің шатырына көшкен өртті тоқтатқан. 03.33-те өрттің жайылуы тоқтатылып, 03.55-те толығымен сөндірілген. Өрт аумағы - 90 шаршы метр. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети