Нұрлан Ноғаев қоластындағыларға трайбализмді ұмытуға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ноғаев қоластындағыларға трайбализмді ұмытуға кеңес берді Нұрлан Ноғаев

Атырауда басқа облыстардан дәрігер мамандарды тарту туралы ұсыныс айтылды. Мұндай ұсынысты бүгін, 14 наурызда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. Облыс басшысы өз сөзінде медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмен екенін айтып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің клиникалар жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген, алайда бұдан жұмыс сапасы жақсарып жатқан жоқ. Сапасыз жұмыстың себебін анықтайтын кезде барлығы бір-біріне жаба салады. Ешкім жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Осылай болатын болса, біз облыстағы денсаулық сақтау жүйесін өзгертеміз. Басқа өңірлерден мамандарды шақырайық. Мүмкін науқастармен олар дұрыс жұмыс істей алады. Еліміздің оңтүстігінен немесе солтүстігінен жұмыс істеуге келген мамандарға қиқаюдың қажеті жоқ. Бұл - трайбализм. Барлығымыз бір елдің азаматтарымыз. Облысымызда денсаулық сақтау саласында мамандар жетіспей жатса, осында басқа өңірлердегі мамандарды тартамыз", - деді Ноғаев.

Сондай-ақ, Ноғаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке бизнесмендерді тартып, оларды алдағы жобаларға тартуды күшейту керектігін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети