Астанада жаңа Мемориал кешен салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жаңа Мемориал кешен салынады © booking.com

Астанада жаңа мемориал кешен ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Сәулет және құрылыс басқармасына сілтеме жасап. 


Астанада жаңа мемориал кешен ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Сәулет және құрылыс басқармасына сілтеме жасап. 

Мемориал кешен Астананың оңтүстік-батыс бөлігінде "Сарыарқа" көпірінің маңына салынады. Кешен 36 гектар аумаққа қойылады.


Яндекс Картадан скриншот. Мемориалды кешеннің орналасатын жері.

"Кешенге бөлінген аумаққа мына нысандар орналастырылады: монумент, ғимарат (мешіт, мұражай және т.с.с.) саябақ, гүлзар, алаң, мүсінді мемориал кешен, сәнді субұрқақтар, бассейндер, автотұрақтар, велосипед және жаяу жүргіншілер көпірі, пирс", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазіргі кезде жобаның сызба-идеясы ғана жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстарының қашан басталатыны әлі белгісіз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети