Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер ауа райы жауын-шашынды болады деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер ауа райы жауын-шашынды болады деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар Қазақстан аумақтары арқылы жылжиды, сонымен байланысты алдағы 3 тәулікте  еліміздің көктеген облыстарында сулы қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарының ауа райы Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен  байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын, басым түрде жаңбыр түрінде, түнгі және таңертеңгі уақыттарда жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтілуде, тұман болжанады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауа температурасының климаттық мәндерден 3-5 градусқа жоғары болатыны, ал 30 наурызда Республиканың батысында, температура осы кезеңдерге сәйкес қалыпты нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп күтілетіні айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети