Қазақстанның көптеген облыстарында жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның көптеген облыстарында жолдар жабылды © altaynews.kz

31 наурызда Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап. 


Павлодар облысында (186-220 шақырымында) жолды су басқан. Шығыс Қазақстан облысында қардың еруіне байланысты (8-166 шақырымында) Семей - Қайнар тас жолы жабылды. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, қар, көру мүмкіндігінің төмендігіен) Көкшетау - Атбасар (48-184 шақырымында), Қостанай облысында (232-260 шақырымында) Қостанай - Әулиекөл - Сұраған жолдары және Жезқазған - Петропавл тасжолы жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, боран) байланысты барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды. 

Осыған дейін, 31 наурыздан 2 сәуірге дейін күннің жылынуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы өзендердің деңгейі көтерілетіні және су басу қауіпі бары туралы хабарланды. 

 

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +14
Астана +16
Ақтау +21
Ақтөбе +16
Атырау +22
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +17
П
Павлодар +16
Петропавл +18
С
Семей +15
Т
Талдықорған +19
Тараз +21
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +18

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер