Шымкентте екі көлік соқтығысып, тоғыз адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте екі көлік соқтығысып, тоғыз адам ауруханаға түсті © Arnapress.kz

Шымкентте жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 3 сәуірде болған. 

"Сағат түнгі 01:30 шамасында Арғынбеков пен Бәйтерек көшелерінің қиылысында 1993 жылы туған жергілікті тұрғын Mq350 көлігімен Daewoo Nexiа көлігіне соқтығысады. Daewoo жүргізушісі - 1998 жылы туған азамат. Оқиға салдарынан 9 адам зардап шекті: екі жүргізуші мен 1977, 1984, 2000, 2004, 2007 және 2013 жылы туған жеті жолаушы", - делінген хабарламада.

Аталған дерек СДТБТ-ға тіркеліп, 345-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды, полицейлер болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети