Алматы барахолкасында контейнерлер өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы барахолкасында контейнерлер өртенді © instagram.com/kris_p_almaty

Алматының барахолкасында төрт контейнер өртенді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап. Оқиға туралы 18.14-те белгілі болған. "101" пультіне Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол 9 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түскен. 

"Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер (18:22-де) төрт контейнердің ашық түрде өртеніп жатқанын жеткізді. Өрт 18:40-та сөндірілді. Өрт сөндірушілер өрттің басқа да контейнерлерге тарауын тоқтатты. Өрт сөндірушілер ішкі өрт сөндіру су құбырларын пайдаланды", - деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Өрттің аумағы - 80 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети