Үндістан дәрігерлері науқастардан қорғану үшін тхэквондо үйренеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістан дәрігерлері науқастардан қорғану үшін тхэквондо үйренеді © bizon-1m.ru

Нью-Делидегі ірі аурухананың дәрігерлері ашулы науқастар мен олардың туыстарынан қорғану үшін мамырдан бастап тхэквондо секциясына қатысатын болады, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Делидегі ірі аурухананың дәрігерлері ашулы науқастар мен олардың туыстарынан қорғану үшін мамырдан бастап тхэквондо секциясына қатысатын болады, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер 15 мамырдан бастап 19:00-ден 20:00-ге дейін күнделікті жаттығатын болады. Оларды кәсіби мамандар жаттықтырады. 

Бұл жекпе-жек түрімен дәрігерлер алты ай айналысады, ал жоғары нәтижелерге қол жеткізгісі келетіндерге екі жарым жылдық бағдарлама қарастырылған. 

Соңғы зерттеулер бойынша, былтыр дәрігерлердің 40 пайызына шабуыл жасалған және балағат сөздер айтылған. 

Наурыз айында дәрігерлерге үш рет шабуыл жасалғаннан кейін осындай шешім қабылданған көрінеді. Шабуылдан кейін Махараштра штатында үш мың медицина қызметкері ереуілге шыққан. Белсенділер үш күн бойы басына каска киіп жұмыс істеген және өзін қорғау курстарын ұйымдастыруды сұраған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети