Қазақстан маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық станциялар желісінде 2017 жылдың 5 мамырында Қазақстан маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық станциялар желісінде 2017 жылдың 5 мамырында Қазақстан маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 12.38-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 565 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10,3, магнитудасы - 4,3. Жер сілкінісі 25 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпуіні Қазақстанда сезілгені жайлы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін бүгін, 5 мамырда Шымкентте жер сілкінісінің сезілгені жайлы хабарланған болатын. Жерасты дүмпуі сағат 11.09-де болған.

Сондай-ақ, кеше Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілген болатын. Сейсмологтардың мәліметінше, 3 мамырда шамамен сағат 10.49-да Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети