18 мамырда ештеңе болған жоқ - Маңғыстау облыстық ТЖД

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 мамырда ештеңе болған жоқ - Маңғыстау облыстық ТЖД © Экспресс К

Ақтау маңындағы нысандарда және Құрық ауылында 18 мамырда тұрғындар сезген жер сілкінісі деп қабылдаған құбылыс, яғни төтенеше жағдай болған жоқ. Бұл туралы Lada.kz басылымы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау маңындағы нысандарда және Құрық ауылында 18 мамырда тұрғындар сезген жер сілкінісі деп қабылдаған құбылыс, яғни төтенеше жағдай болған жоқ. Бұл туралы Lada.kz басылымы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

ТЖД қызметкерлері, баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, барлық нысан мен Құрық ауылының тұрғындарына қоңырау шалып, аралап шыққан, себебі Ақтау тұрғындары 18 мамырда адамдар жер сілкінісін сезген.

"Жиналған мәліметтер бойынша, еш жерде ештеңе болмаған. Бізге 18 мамырда облыста қандай да бір оқиғалардың болғаны туралы хабар түскен жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Медициналық мекемелерде сол жағдайлар болды делінген уақытта, ауруханаға ешкім түспеген.

Еске салайық, Ақтау тұрғындары, әсіресе қаланың төменгі ықшамаудандарының тұрғындары алапат жарылысты сезген. Кейбірі тіпті көкке көтерілген жарылыс бұлтын видеоға түсіріп алған.

Басылымның мәліметінше, Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері оқиға жайлы кейінірек хабар тарататынын айтқан. 

Ақтаудың 3, 4, 7, 8 және 7-ші ықшамаудандарының және өнеркәсіп аймағындағы тұрғындары жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00 шамасында пәтерлерде сілкініс болғанын жазып жатыр. "Жарылыс болды... 3-ші ықшамауданда үй теңселіп кетті... 2-ші ықшамауданда да. менің достарым сезіпті..."; "Камаз" үйге кіріп келді деп ойлап қалдым, сілкініс аз уақытқа жалғасса да, қатты сезілді..."; "Қалада қандай жарылыс болды, кім біледі? Өнеркәсіп аймағы жақтан сезілді...", - деп жазып жатыр қалалықтар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети