АҚШ-та жүрген боксшы Жанқош Тұраров әке атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та жүрген боксшы Жанқош Тұраров әке атанды © instagram.com/zhankoshturarov

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы боксшы Instagram желісінде сүйіншіледі.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы боксшы Instagram желісінде сүйіншіледі.

"Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң - қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң - ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?! Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді! Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!", - деп жазды ол. Боксшының әйелі қыз босанған.


© instagram.com/zhankoshturarov

Айта кетейік, Жанқош Тұраров 2016 жылдың 18 қарашасында үйленген болатын. Спортшының әйелінің есімі Клара. 

Еске салайық, Жанқош Тұраров АҚШ-та 27 мамырда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы - мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО). Осы кеште Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегі өтеді. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети