Месси төртінші рет "Алтын бутсы" иегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси төртінші рет "Алтын бутсы" иегері атанды © Twitter/brfootball

"Барселона" футболшысы Лионель Месси 2016/2017 жылдың маусым қорытындысы бойынша "Алтын бутсы" иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселона" футболшысы Лионель Месси 2016/2017 жылдың маусым қорытындысы бойынша "Алтын бутсы" иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

29 жастағы аргентиналық Испания чемпионатында 37 гол соғып, 74 ұпай жинады. Ал екінші орында Лиссабон ойыншысы Бас Дост тұр. Ол 34 гол соғып, 68 ұпайға ие болды. Үздік үштікті "Боруссия" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг 31 гол соғып, 62 ұпаймен қорытындылады.

Айта кетейік, Месси мансабындағы төртінші марапатқа ие болды. Осылайша, аргентикалық футболшы Криштиану Роналдумен теңесті. Роналду биылғы маусымда 25 гол соққан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети