Ақтөбе облысында колонияға миллион теңгеге жуық ақша кіргізбек болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында колонияға миллион теңгеге жуық ақша кіргізбек болғандар ұсталды Тengrinews.kz коллажы

Ақтөбе облысында колонияға ірі көлемдегі соманы алып кіруге оқталу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында колонияға ірі көлемдегі соманы алып кіруге оқталу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Колониялардың біріне көлік құралы (манипулятор) кірген сәтте құқық қорғау органдары қызметкерлері тексеру барысында қол жетуі қиын жерлердің барын байқаған. ҚАК қызметкерлерінің қырағылығы өз нәтижесін берді. Автокөліктің ішінен қорап табылды, онда қолма-қол теңге, рубль және АҚШ долларлары болды", - деді Ақтөбе облыстық Қылмыстық-атқару департаментінің өкілі Нұргүл Жұмағұлова.

Қаражатты санау барысында, жалпы сомасы миллион теңгеге жеткені анықталды.

"Осы дерекке қатысты іс материалдары Мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді", - деді Нұргүл Жұмағұлова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети