Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? © Tengrinews.kz

Синоптиктер Қазақстанда 17-19 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер Қазақстанда 17-19 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Белсенді циклон Еділден Қазақстанның солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжып келеді. Сондықтан бұл жерлерде демалыс күндері жаңбыр, қатты бұршақ, кей жерлерде екпінді жел 17-25 м/с және ауа температурасы нормадан 2-5 градусқа төмендейді деп болжанып отыр", - деді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың қалған аумағында осы циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады деп болжанады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети