Қазақстандық Бейбіт Шүменов бокспен қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Бейбіт Шүменов бокспен қоштасты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне хабарлады.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне хабарлады.

Шүменовтің айтуынша, жаттығу кезінде алған көз жарақаты тым ауыр болып шыққан. Дәрігерлер оған бокспен айналысуға тыйым салған, ал жалғастыра берер болса көзі көрмей қалады. Шілдеде боксшы тағы бір мәрте операция жасатады. 

Ал бүгін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпион белбеуінен айырғаны белгілі болған еді. Ұйымның жаңарған рейтингінде бұл титул кубалық Юниер Дортикостың еншісінде. 

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, осы себепті кездесу кейінге қалған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети