Солтүстік Кореяда саяси үнқағазды алып тастағаны үшін сотталған америкалық студент қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Кореяда саяси үнқағазды алып тастағаны үшін сотталған америкалық студент қайтыс болды

Солтүстік Корея билігі бір апта бұрын ғана бостандыққа шығарған 22 жастағы студент Отто Уормбиер (Otto Warmbier) Цинциннати ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның отбасы дүйсенбі күні жариялаған мәлімдемеде айтылады, - деп хабарлайды CNN.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея билігі бір апта бұрын ғана бостандыққа шығарған 22 жастағы студент Отто Уормбиер (Otto Warmbier) Цинциннати ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның отбасы дүйсенбі күні жариялаған мәлімдемеде айтылады, - деп хабарлайды CNN.

"Отто бүгін сағат 2.20-да жақындарының ортасында көз жұмды. Қолдан келгенін жасаған медициналық орталықтың мамандарына алғыс айтамыз. Амал не, баламыз солтүстіккореялықтардан көрген азаптан қайтыс болды", - делінген хабарламада. 


© Reuters

"Отто 13 маусымда Цинциннатидегі үйіне оралған кезде аянышты халде еді, сөйлей алмады, көре алмады, дауысқа белгі бермеді. Бірақ ол үйде болғанын сезді деп ойлаймыз", - делінген үндеуде. Уормбиер АҚШ-қа ес-түссіз күйде келген. 


© Reuters

Еске салайық, Отто Уормбиер 2016 жылдың қаңтарында Солтүстік Кореяда ұсталған болатын. Ол "бүлдіру әрекетін" жасады деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырылған. 1 қаңтарға қараған түні ол Пхеньян қонақүйінің қызметтік бөлмесіне кіріп, ілініп тұрған саяси үнқағазды алып, жерге қойған. Америкалық өз кінәсін толықтай мойындап, "Америкалық әкімшіліктің КХДР-ға қатысты жаугершілік саясатының құрбаны болғанын" мәлімдеген. 

2016 жылдың наурызынан бері студент түрмеде берілген ұйықтататын дәрі ішкеннен кейін ес-түссіз күйге түскен. Солтүстіккореялық билік өкілдері Уормбиер тамақтан уланды деп мәлімдеді. 


Студент КХДР сотында. © Reuters

Ал биыл маусым айының ортасында Пхеньян "адамгершілік ниетпен" босатқан. АҚШ-та дәрігерлер тұтқынды тексеріп шыққан кейін ауыр ми жарақатын алды деген қорытындыға келді. АҚШ президенті Дональд Трамп Отто Уормбиердің өліміне "солүстіккореялық режим" кінәлі деп мәлімдеме жасады.


Отто Уормбиер отанына ес-түссіз күйде жеткізілді. © Reuters


Қайтыс болған америкалықтың әкесі. © Reuters

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети