Головкин мен "Канело" жұдырықтасатын нақты уақыт белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен "Канело" жұдырықтасатын нақты уақыт белгілі болды © Vesti.kz

Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек нешеде басталатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек нешеде басталатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Промоутердің сөзінше, бокс әлемінде көпшілік күткен жекпе-жек Американың шығыс уақыты бойынша кешкі сағат 23-тен кеш басталмайды. 

"Негізгі оқиға 23-тен кеш басталмайды, Шығыс жағалауда. Сонымен, барлық автор мен жанкүйерлерге, Сіздерге 12 немесе түнгі бірге дейін ұзақ күту қажет болмайды. Сіздер бұл жекпе-жекті шығыс уақыты бойынша сағат 23:00-де тамашалай аласыздар", - деп мәлімдеді Де Ла Хойя. 

Осылайша, Астана уақыты бойынша Голвкин-Альварес жекпе-жегі жексенбіде, 17 қыркүйекте сағат таңғы 9.00-де басталады. Бокс кеші 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. АҚШ-та ол ақылы көрсетілім жүйесі (PPV) арқылы HBO арнасында көрсетіледі. Бүгін, 22 маусымда билеттер сатылымы басталады. 

Еске салайық, WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы Геннадий Головкин осы жекпе-жектен бокстан кетуі мүмкін екені айтқан. Ал "Канело" тек Головкиннен мықты екенін дәлелдегісі келетінін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети