Алматы облысының тұрғындарына алғашқы көмек көрсету курстары өткізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғындарына алғашқы көмек көрсету курстары өткізіліп жатыр

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамының алғашқы көмек жөніндегі маманы Мариям Негметжанова Алматы облысының тұрғындарын алғашқы көмек көрсетуге үйренуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамының алғашқы көмек жөніндегі маманы Мариям Негметжанова Алматы облысының тұрғындарын алғашқы көмек көрсетуге үйренуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап

Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы университетте халыққа жер сілкінісі кезінде алғашқы көмек көрсету ережелерін үйрететін орталық ашылып, жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, өңірде 2015 жылдан бері алғашқы медициналық көмек көрсету курстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Орталықтағы мамандардың айтуынша, кез келген адам, оның мамандығына немесе біліміне қарамастан орталықта теориялық мәлімет алып қана қоймай, білімін практикалық тұрғыда да жетілдіре алады.

"Әлемдегі кез келген мемлекеттің табиғи және техногендік мазмұндағы төтенше жағдайларға дайын болуы тек қажетті қызмет пен құрылымдардың оларды жақсы дайындауында емес, сондай-ақ, халықтың өзінің бұл құбылыстарға дайын болуында. Халықты оқыту мен оларға осындай жағдайларда қалай аман қалуы керек екенін түсіндіру мақсатында бізде Германияның заманауи арнайы техникасымен жабдықталған орталығымыз жұмыс істеп жатыр. Мұнда практика кезінде қолдануға болатын манекендер бар. Яғни, бұл төтенше жағдайдан зардап шеккен адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керек екенін түсіндіреді. Мен әрбір адам біздің орталықтағы жаттығу сабақтарына уақытын бөледі деген сенімдемін", - деді Мариям Негметжанова.

Айта кетейік, жалпы оқу бағдарламасы мына тақырыптардан тұрады: жүрек-өкпе реанимациясы, тыныс жолдарының буылтықтануы, күйік және қан кету.

Бұл курстарға жас ерекшеліктеріне қарамай, барлық тұрғын қатыса алады. 8 сағаттық курс қызықты бағдарламалармен қамтылған және қатысушылар онда практикалық жұмыстар істей алады.

"Орталықтағы мамандар  грим жағуға үйренген, бұл оқу барысын шынайы етеді. Орталықтағылар кез келген жағдайда дайын болуға үйретеді. Уақытыңыз мен мүмкіндігіңізді жоғалтпай кез келген уақытта адам өмірін сақтап қала аласыздар", - дейді жоба ұйымдастырушылары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети