06 шілде 2017 16:34

Талдықорғанда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талдықорғанда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері әлеуметтік және қоғамдық мәні бар проблемаларды шешудегі азаматтардың бастамаларына қолдау көрсету туралы идеяларын ұсынды. Алматы облысының консалтингтік орталығы ұйымдастырған іс-шараға 29 ұйым қатысып, әрқайсысы өз идеяларын таныстырды.

"Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі" коммерциялық емес ұйымдардың жобалары мен идеяларын ұсыну мақсатында өткізіліп тұрады. Жәрмеңкеге биыл 20 сәуірден 30 мамырға дейін өтініш қалдырғандар қатысты. Түрлі бағыттар бойынша 29 ұйымнан 43 жоба келіп түсті: Алматы облысындағы 3 қаладан және 13 ауданнан.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазылар алқасы 15 жобаны таңдады. Жоба авторлары салтанатты іс-шараға шақырылып, ақшалай сертификатқа ие болды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жиналғандардың алдында сөз сөйлей отырып, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін айтып өтті.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы азаматтық қоғамдағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы қадамдардың бірі. Бұл тұста үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстарының рөлі зор, олар осы іске айтарлықтай үлесін тигізіп жатыр", - деді әкімнің орынбасары.

Кейінірек Жақсылық Омар үздік идея авторлары ақшалай сертификаттарды тапсырды. 15 жобаның бесеуі үздік деп танылды. Сол үздік жобаның авторлары 500 мың теңгеден алды.

Өз кезегінде үкіметтік емес ұйымның өкілдері азаматтық қоғам мүшелері өздерінің идеяларын ұсына алатындай платформа ұйымдастырғандарға алғыс айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети