Өскеменде зейнеткердің аяғын трамвай басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде зейнеткердің аяғын трамвай басып кетті

Бүгін, 19 шілдеде жол-көлік оқиғасы салдарынан 75 жастағы әйел адам зардап шекті, қазіргі уақытта зейнеткер жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Устинка Live.


Бүгін, 19 шілдеде жол-көлік оқиғасы салдарынан 75 жастағы әйел адам зардап шекті, қазіргі уақытта зейнеткер жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Устинка Live.

"ОСА Усть-Каменогорск" қауымдастығы оқиғаның таңғы 08:00 шамасында Тәуелсіздік даңғылының бойында "Электротовары" аялдамасының жанында болғанын айтты. 

"Трамвай зейнеткердің аяғын басып кеткен", - деді куәгерлер. Зардап шеккен 75 жастағы зейнеткер № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, ол қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның аяғын кесу үшін ота жасалады. Сонымен қатар, зейнеткердің миы шайқалған және травматикалық шок алған. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети