Алматыда көпқабатты үйде шыққан өрт сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көпқабатты үйде шыққан өрт сөндірілді

Алматыдағы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамедоваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты үйден шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамедоваға сілтеме жасап.

"Оқиға орнына келгенде жағдай мынадай болды: 6 мен 8-қабаттардың беткі жағы мен балкондар жанып жатты. Қосымша күш тартылды. Өрт сөндірушілер тығыз ауа аппаратын қолдана отырып, адамдардың бар-жоғын тексерді. Осыман қатар эвакуация жүргізілді. Жалпы 50 адам эвакуацияланды. Сөйтсек, үш балкон мен үйдің беткейі өртеніпті. Өрт 13:58-де шектеліп, 14:08-де сөндірілді", - деп хабарлады ТЖД өкілі.

Оның айтуынша, өрт шалған аумақ - 50 шаршы метр. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети