Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жантүршігерлік жол апаты болды Куәгер суреті

Астанада Момышұлы даңғылы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында бірнеше көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Момышұлы даңғылы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында бірнеше көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан бір автомобиль аударылып қалған, төрт адам зардап шеккен. Subaru жүргізушісі және Volkswagen тізгінінде болған адам мен екі жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.  Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көлігі келген. 

1 тамызда болған жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Subaru маркалы көліктің жүргізушісі Момышұлы даңғылымен келе жатып, қарсы жолдағы көлікті жібермей солға бұрылу кезінде Volkswagen көлігімен соғысқан", - деді Астана ІІД баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети