Астанада түнде жалғыз жүрген 3 жасар қыздың туыстары әлі табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада түнде жалғыз жүрген 3 жасар қыздың туыстары әлі табылмады © Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі

Астана полицейлері түн ортасында көшеде жалғыз жүрген қыздың ата-анасын іздеу шараларын жалғастырып жатыр. ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәлімет бойынша, іздеу жұмыстары қазіргі уақытқа дейін әлі еш нәтиже бермеді. Полицияға қызды таныған немесе ол туралы қандайда бір ақпарат білетін адамдар да хабарласпаған. 

"Астана полицейлері 10 тамызда түнгі бір шамасында Қабанбай батыр даңғылында жалғыз жүрген жерінен табылған қыздың туыстарын анықтау шараларын жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде қыз Астананың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында", - дейді ІІД-нің өкілдері. 

Қыздың жасы шамамен 3-4-те, есімі Милана екенін айтады. Бойы 115-120 сантиметр, шашы қысқа, сары, қой көзді. Үстіне қызыл күртке, сары жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар және аяғына қызғылт түсті мокасин киген. 

Қызды таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71 60 22,  8 778 917 05 78. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course down  6.56  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети